Алматы қаласы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты мәлімдеме жасады.
— Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік және медициналық қызметтермен бірлесе отырып, профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүргізілетінін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің барлық іс-әрекеті қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Сондай-ақ адамдарды ешқандай жағдайсыз көшеде қалдырып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынына назар аударғымыз келеді, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, былтыр Алматыда үйсіз-күйсіз адамдарды ұрлап, несие рәсімдеткен қылмыстық топ құрықталды.