Алматы спортшылары ай сайын алатын төлемақы басқа өңірлерден 66% аз - басқарма
Алматылық спортшылар мен жаттықтырушылар басқа өңір командаларымен шарт жасасуға мәжбүр. Бұл тұралы Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform.
Алматы қаласы спорт баскармасы басшысының мәліметінше, Алматы спортшыларына ай сайын төленетін төлемдер басқа өңірлермен салыстырғанда 66,5% төмен.
«Мысалы, Олимпиада мен Паралимпиадада I орын үшін - 80 АЕК (276 000 теңге). Сол себепті болашағы бар спортшылар мен жаттықтырушылар басқа өңір командаларымен шарт жасасуға мәжбүр. Осыған орай тиісті қаулының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Қаулы 10-15 күн ішінде қаралады. Бұл шара жетекші спортшылар арасында әлеуметтік тұрақтылықты, олардың әлеуетін сақтауға және спортта жетістікке жетуде тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді», - деп жазды Ерден Хайрулин.
Ол сондай-ақ бүгінге дейін Алматы спортшылары 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына төрт жолдама ұтып алғанын жазды.