Спикердің сөзінше, қаладағы су айдындарының маңына тыйым салу және ескерту туралы 38 белгі қойылған. Мегаполисте қыс маусымында қауіпті 8 өзен-көл бар.
«Қазіргі уақытта Алматы қаласында ауа температурасы 2-4 градус жылы. Әдетте, мұндай температурада мұз жұқа болады. «Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес алдағы аптада ауа температурасы 6-дан 12 градусқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 10 см, бұл мұздың үстінен өту үшін қауіпті», - дейді Әнуар Юсупов.
Айтуынша, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек.