Бүгін таңертең мегаполисте ауа райы бұлтты, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Таулы аймақтарға қар түсті. Kazinform оқырмандары редакцияға жауын-шашынның суреттерін жіберді. Әлеуметтік желіде де жауған қардың видеосы тарап жатыр.
Сонымен қатар «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында да қар жауды. Шаңғы трассалары мен кабельді лифттерді онлайн режимінде трансляциялайтын веб-камералар курорттық аймаққа жауып жатқан қарды көрсетті.
Бұған дейін Ақмола облысында қар жауғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 26-сы күнгі күн райы болжамын жариялаған еді.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді.