Алматы маңындағы тау бөктерінде бәйшешек гүлдеп жатыр. Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко қаңтарда гүлдеген көктем гүлін суретке түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.
«Қыс ортасы, 9 қаңтар, Алматыда бәйшешек гүлдеп жатыр. Желтоқсан айында да гүлдеген оны да түсірдім. Қазір қаңтар. Көктем гүлі қыс мезгілінде гүлдеп қуантып жатыр. Алматы - ғажайып қала. Нағыз ертегі», - деп жазды фотограф Instagram-дағы парақшасында.
Алматы облысы Талғар ауданындағы тауда да бәйшешек гүлдеді.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.