Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.

Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы тауларында 12 наурыз бен 14 наурыз аралығында көшкін қаупі сақталады. Осыған байланысты ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

Сондықтан осы екі күнде қарлы беткейлерге бармаған жөн.

Таулы аймақтағы қар көшкіні - аса қауіпті табиғи құбылыс. Қар көшкінінің максималды жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетуі мүмкін.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымбұлақтағы қар көшкінінің видеосы пайда болды.

Кейін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті көшкіннен ешкім зардап шекпегенін жеткізді.

Сондай-ақ Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар анықталды.