Алматы тауларында кар көшкіні қаупі сақталады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.

Фото - ШҚО ТЖД

Алматы облысының тауларында 15 ақпан мен 18 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. Осыған байланысты ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Еске салайық, кеше таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін Алматының Кіші өзені бассейнінде өздігінен қар көшкіні жүрді