— Жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» МҰТП инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен бейнеге түсіріп алды. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді, — делінген Көлсай көлдері ұлттық паркі хабарламасында.
Парк әкімшілігі егер қоңыр аюды байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды екенін ескертеді.
— Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген барлық жануарлар түрлері мемлекет тарапынан қорғалады, — делінген Көлсай көлдері ұлттық паркі хабарламасында.
Айта кетелік Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалған еді.