Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды Kazinform .
«Алматы маңындағы тауларда 2600 -ден жоғары биіктікте қар қалындығының 25 см ұлғайуына байланысты (қардың түсуі әлі жалғасуда) Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде және Богданович мұздығының ауданында көшкін жүру қаупі сақталады»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған байланысты, «Қазселденқорғау» мекемесі мен ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан тауға барудан бас тартуды сұрайды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.