Өтініш берушілердің мәліметінше, оның ұялы телефоны байланыс аймағынан тыс жерде болған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде аттанды. Оқиға орнына жеткеннен кейін құтқарушылар таулы аумақты тексеруге кірісті. Іздестіру жұмыстары түнгі уақытта, көріну мүмкіндігі шектеулі жағдайда жүргізілді.
-Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде Көкжайлау шатқалынан төмен орналасқан аумақта туристік топтан қалып қойған Иран азаматы, студент табылды. Жас жігіт тау беткейінде ұйықтап жатқан. Тексеру барысында оған медициналық көмектің қажет еместігі анықталды,-делінген хабарламада.
Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізіп, таудан аман-есен түсірді.
Осыған дейін түнде Іле Алатауында адасып қалған екі қыз құтқарылғаны туралы жаздық.