Алматы тауларында Сингапурден келген турист жарақат алды
23:17, 20 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – «109» құтқарушылары Іле Алатауы Ұлттық паркінде жарақат алған сингапурлық туристі құтқарды.
Құтқарушылар сингапурлық әйелді эвакуациялады.
Алматы қаласының құтқару қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, турист әйел бас-ми жарақатын алған және аяқ-қолдары зақымдалған. Оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.
Сағат 18:30-да олар зардап шеккен адамға келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны төмен қарай түсіре бастады. Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум жанынан жедел медициналық көмек бригадасы шақыртылды.
Осыған дейін Қазақстанда QR-коды бар туристік карталар енгізілгені туралы хабарладық.