Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алматы тауларында температураның күрт өзгеруіне, жылымыққа және желге байланысты көшкін жүру қаупі артты.
– ТЖМ Қазселденқорғау қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында 3200 метр биіктікте профилактикалық қар түсіру жұмысын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3500 текше метр қар массасы түсірілді, – деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар тұрғындарға таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі әлі де барын айтып, барынша сақ болуға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының тауларында 17-23 ақпан аралығында аралығында көшкін қаупі сақталатыны туралы жазған едік.
Сондай-ақ өңірде қар көшкіні қаупіне байланысты бірнеше автожол көктемге дейін жабылды.