«Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы сел қаупі тұрақты және ерекше бақылауда. Көлдердің көп бөлігі 65-70% - ға толады. Су деңгейі қауіпсіз белгілерде», - деп атап өтті әкімдіктен.
Қазіргі кезде тауларда ауа температурасы 5-6°С. Шілдеде биік таулы аймақтағы орташа айлық температура 7-15°с шегінде ауытқиды. «Қазгидромет» РМК ұзақмерзімді болжамы бойынша жазғы кезеңде тауларда ауа температурасының жоғарылайды деп болжанады, кейде нормадан жоғары (22°С дейін).
«Сел шығарындыларының алдын алу үшін биыл моренді көлдердің суы ағызылады. Алматының жергілікті бюджет резервінен осы мақсаттарға 36,3 млн теңге бөлінді. Бұл қаражатқа су ағызу арналарын тазарту және тереңдету үшін өнімділігі жоғары сорғылар, сифон құбырлары, дәнекерлеу аппараттары және басқа да жабдықтар сатып алынады», - деп хабарлады әкімдіктен.
Алматы әкімі Ерболат Досаев тау өзендеріндегі гидрометеорологиялық, көшкін, су тасқыны, сел жағдайына тұрақты бақылау жүргізуді және күшейтуді тапсырды. «Қазселденқорғау» ММ мамандары 10 тұрақты және 3 маусымдық бекетте бақылау жүргізеді. 20 маусымнан кейін қалған 10 маусымдық бекетте бақылау басталады.