Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 28-31 тамыз аралығында күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін «Байсерке – Көктерек» автожолының 18 700–22 000 шақырымы аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.
– Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен қозғалысты реттеушілердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап елімізде республикалық жолдардың 8,5 мың шақырымы жөндеуден өтті.