Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:09–да тіркелген жер сілкінісінен кейін алматылықтар ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты ҚР ТЖМ ресми түсінік берді.
Ведомство мәліметінше, «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялары тіркеген дүмпу Алматыда 2 балл болып сезілген. Ал автоматты хабарлау жүйесі тек 5 балдан жоғары қауіпті деңгейдегі жер сілкіністері кезінде қосылады.
— Ескерту 5 балдан жоғары болғанда іске қосылады, — деп хабарлады министрлік.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпуі Алматы облысындағы Түрген ауылы мен Есік қаласында 4 балға дейін сезілген, ал басқа елді мекендерде 2-3 балл шамасында тіркелген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ, деректер өңделіп жатыр.