Алматы тұрғыны 67 млн теңгенің криптовалютасын алаяққа беріп жіберген
17:30, 04 Қыркүйек 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алаяқтық жолмен криптовалютаны қалтасына басқан Алматы қаласының тұрғыны сотталды.
Бостандық ауданының аумағында тараптар арасында криптовалюта алып сату бойынша мәміле жасалған.
X. есімді азамат жәбірленушіні алдап, крипто әмиянының жалған шотын хабарлаған.
Нәтижесінде ол жәбірленушінің 67 млн теңгесін иемденіп кеткен.
Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушіге 19,5 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы азаматтарды электронды ақша аударымы кезінде қырағы болуға шақырады.