«Алматы жастары 2025» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM —  «Алматы жастары 2025» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда 14 наурыздан бастап «Алматы жастары 2025» бағдарламасы аясында жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдау басталды. Өтінімді 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары бастапқы немесе қайталама тұрғын үй сатып алу үшін тапсыра алады. Тіркеу ресми сайтта ЭЦҚ арқылы жүргізіледі. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 20 млн теңге, пайыздық мөлшерлемесі – 5%, бастапқы жарна – 10%.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі Жайна Әбілғазова «Алатау» театрында жұмыс істейді. Ол 2019 жылы күйеуі екеуі айына 4380 теңге төлейтін жалдамалы тұрғын үй алғанын айтты. Осылайша, бастапқы жарнаға қаражат жинап, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысып, қарапайым әрлеудегі пәтер сатып алуға мүмкіндік алған. Қатысушылардың айтуынша, бағдарлама жас отбасылар үшін тұрғын үйді қолжетімді етіп, қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Айта кетелік биыл жас ғалымдарға 140 баспана тегін беріледі.