«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Бюджеттен қосымша 965 млн теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 55 ипотекалық қарыз беруге мүмкіндік береді», - деді Қанат Сухамбеков.
Биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген тұрғын үй несиелеу бағдарламасына қатысуға 11 104 адам өтініш түсті.
Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.