Алматы жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 автобус маршруты уақытша өзгереді

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы бірқатар автобус бағыты уақытша өзгереді. 

Алматы қаласының Көлік холдингінің мәліметінше, Әуезов ауданының «Достық» шағын ауданында су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысына байланысты 10 шілдеден бастап маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Олар:

№ 50

Солтүстік бағытта: Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша.

№ 52

Солтүстік бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша.

№ 126

Оңтүстік бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшесінің шығыс бағытындағы көпірдің астындағы бұрылыс — Абай — Момышұлы — Шаляпин — Саин — Жандосов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Шаляпин — Момышұлы — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша.

№ 139

Оңтүстік бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов — Рысқұлов — Гроза — Қонаев — Жандосов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта: Жандосов — Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша.

№ 226

Оңтүстік бағытта: Абай — Момышұлы — Шаляпин — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.

№ 250

Солтүстік бағытта: Әшімов — Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша;

Кері бағытта — өзгеріссіз.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бірнеше ауданында көше жабылатынын жазғанбыз.