Алматы қаласының Көлік холдингінің мәліметінше, Әуезов ауданының «Достық» шағын ауданында су құбыры мен кәріз тарату желілерінің құрылысына байланысты 10 шілдеден бастап маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Олар:
№ 50
Солтүстік бағытта: Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша.
№ 52
Солтүстік бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша.
№ 126
Оңтүстік бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов көшесінің шығыс бағытындағы көпірдің астындағы бұрылыс — Абай — Момышұлы — Шаляпин — Саин — Жандосов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Шаляпин — Момышұлы — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша.
№ 139
Оңтүстік бағытта: Яссауи — Абай — Әшімов — Рысқұлов — Гроза — Қонаев — Жандосов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта: Жандосов — Әшімов — Абай — Яссауи көшелері, әрі қарай сызба бойынша.
№ 226
Оңтүстік бағытта: Абай — Момышұлы — Шаляпин — Әшімов көшелері, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта: Гроза — Қонаев — Әшімов — Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша.
№ 250
Солтүстік бағытта: Әшімов — Абай даңғылы, әрі қарай сызба бойынша;
Кері бағытта — өзгеріссіз.
Еске салайық, бұған дейін Алматының бірнеше ауданында көше жабылатынын жазғанбыз.