Табиғатта мекендейтін бұл мысықтарды Африкада, Үндістанда және Орта Азияның кейбір жерлерінде кездестіруге болады.
Бұташын — Африкада мекендейтін талдырмаш жыртқыш мысық.
Оның жіңішке денесі, ұзын аяқтары және үлкен құлақтары оны мысық тұқымдастары арасында бірегей етеді.
Жабайы сервал өзінің керемет есту қабілетімен ерекшеленеді.
Бұл оған ұсақ жануарларға, мысалы, кеміргіштер мен құстарды аулауға көмектеседі — деп атап өтті зообақ өкілдері.
Мамандардың айтуынша, бұл мысық олжасын ұстау үшін 3 метр биіктікке дейін секіре алады.
«Сервал жабайы болғанына қарамастан, кейде экзотикалық үй жануары ретінде ұсталады, бірақ оған ерекше жағдай мен күтім қажет екенін ұмытпаған жөн», — деп атап өтті зообақтан.
Осыған дейін зообақтағы Гималай аюының қонжықтарына «Айсар» және «Талас» деген ат қойылғанын жазған едік.