Жаңа тарифтер тұтынушылар тобына қарай сараланады.
Жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау тарифі қосылған құн салығын қоса алғанда, текше метріне 178,06 теңге, ал су бұру тарифі 119,46 теңге болады.
Бизнес пен заңды тұлғалар үшін су тарифі — 362,18 теңге, су бұру тарифі — 264,75 теңге. ҚҚС-ты қоса алғанда, жалпы тариф — текше метріне 626,93 теңге.
Мемлекеттік ұйымдар үшін сумен жабдықтау тарифі текше метріне 649,60 теңге, су бұру тарифі 189,14 теңге болып белгіленді.
Сондай-ақ 1 қазаннан бастап су есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін төлем мөлшері өзгереді.
Тұрғындар үшін тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық қажеттіліктерге жұмсалатын су тұтыну тарифі ҚҚС-ты қоса алғанда, бір адамға айына 2 670,90 теңгеге жетеді. Тозығы жеткен және апатты үйлерде, сондай-ақ су есептегіш құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндік жоқ жатақханаларда тұратындар үшін тариф 956,19 теңге болады.
Су есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін суық суды бұру ақысы бір адамға айына 1 791,85 теңге, ыстық суды бұру ақысы 376,29 теңге болады.
Сондай-ақ жасыл желектерді, көгалдар мен гүлзарларды және басқа да нысандарды суаруға арналған тариф белгіленді. Оның мөлшері ҚҚС-ты қоса алғанда, суарылатын аумақтың бір шаршы метрі үшін айына 1 780,60 теңге.
«Алматы Су» жаңа тарифтер 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетінін нақтылады.
Бұған дейін Алматыда коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифтерін көлік жүктемесіне қарай саралау ұсынылды.