Алматыда 1 маусым күні балаларға метро тегін болады
22:41, 30 Мамыр 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні.
Мереке орай осы күні Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүре алады.
— Бастама осынау ерекше мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Күні бойы метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін тегін жол жүруге болады, — деп хабарлады «Метрополитен» мекемесі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болатынын жазғанбыз.