Алматыда 1 миллион теңгеден астам айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
12:19, 17 Желтоқсан 2023
Құқық бұзушыны Алматы полициясының іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады, деп хабарлайды Kazinform.
«Мерседес» маркалы көліктің жүргізушісіне жол ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды.
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деп жазды полициядан.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.