Қалалық «112» пультіне Самал-2 шағын ауданындағы 76-үйде орналасқан пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 12 қабатты үйдің жоғарғы қабатындағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Құтқару жұмыстары кезінде ТЖМ мамандары 10 адамды, соның ішінде 3 баланы өрттен аман алып қалды. Сонымен бірге ғимараттан 72 тұрғын, оның ішінде 8 бала мен мүмкіндігі шектеулі 3 азамат эвакуацияланды.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оттың ғимарат шатырына шарпуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Осыған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы жаздық.