Е-Qazyna порталындағы хабарландыруға сәйкес, лоттың бастапқы бағасы — 1,2 млрд теңге.
Киік мүйізінің бір келісі 2,6 мың АҚШ доллары ретінде бағаланған. Аукцион 21 тамыз күні сағат 10:00–де басталады. Оған қатысу үшін 184,07 млн теңге көлемінде кепілдік жарна енгізу қажет.
Порталдағы ақпаратқа сәйкес, мүйіздердің орташа ұзындығы — 25 см. Қазір олар Алматы қаласы Ереван көшесі, 2в мекенжайында орналасқан.
Сатушы тарап — «Жасыл даму» АҚ, ал баланс ұстаушы — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» РМҚК.
Еске салайық, бұған дейін аукцион арқылы Алматыда орналасқан «Байсат» базары 24 млрд теңгеге сатылғаны белгілі болды.