Алматыда 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады

АЛМАТЫ.КAZINFORM-Жаңа оқу жылында Алматының 133 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, оқушылардың тамағына жергілікті бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінді.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін тамақтану тегін болады, бұл жерде 1-11 сынып оқушылары қамтылады», - деді Әсем Нүсіпова.

Ол сондай-ақ тамақтану құны 840 теңге екенін атап өтті.

«Дұрыс теңдестірілген тамақтану – біздің балаларымыздың денсаулығы мен табысының кепілі», - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, мегаполисте 2022 жылдан бері әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.