Алматыда 140 көлік жуу орнының жұмысы тоқтатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының көлік жуу орындарында суды қайта пайдалану жүйелері енгізіліп жатыр.

Фото: Pixabay.com

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, қазір мұндай жүйелер 162 нысанда орнатылған және оның 33-і биыл іске қосылған. Сонымен қатар барлық көлік жуу орыны деректерді автоматты түрде жіберетін заманауи су есептеу құрылғыларымен жабдықталған. 

Ал тиісті талапқа сәйкес келмегені үшін 2026 жылы 1 мамырдағы жағдай бойынша мегаполисте 146 автожуу орнының жұмысы тоқтатылған. 

– Бүгінде желілерді жаңғыртып қана қоймай, су ресурсын пайдалануға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Көлік жуу орындарындағы қайта сумен жабдықтау жүйесі ресурстарды тұтынуды және қала жүйесіне түсетін жүктемені едәуір азайтады. Сондықтан бұл бағыттағы бақылау жалғасады, - деді Нұрбақыт Серікбай.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда су үнемдеу технологиясын енгізбеген көлік жуу орындары судан ажыратылып жатқанын жазғанбыз.