Комиссия қарауына барлығы 377 өтінім түсіп, оның 164-і мақұлданған.
– Грант көлемі 1,73 млн теңгеге дейін. Қолдау тапқан жобалардың қатарында азық-түлік және киім өндірісі, қоғамдық тамақтану, автосервис, сұлулық индустриясы, білім беру, IT, құрылыс және басқа да бағыттар бар, – делінген хабарламада.
Грант иегерлерінің басым бөлігі – көпбалалы отбасылардың өкілдері. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, асыраушысынан айырылған отбасылар және басқа да санаттағы азаматтар ие болды.
– Комиссия шешімін қатысушылар business.enbek.kz порталындағы жеке кабинетінен көре алады, – деп хабарлады әкімдік.
Қосымша ақпаратты Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығынан алуға болады. Орталық Достық даңғылы, 85 мекенжайының 2-қабатында орналасқан.
Айта кетейік, елімізде жарты жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 550 мыңға артты.