Оқиға куәгерлері видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 19 наурыз кешкі сағат 21.00-де Бостандық ауданында болған.
«Жол апатында 4 көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry көлігінің 17 жастағы жүргізушісінің кінәсінен жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске қабылданды. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.