АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жас жігітті бір топ адам ұрып-соққан. Оқиға 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі дәмхананың алдында болған.
Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде жазды.
Істің тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жеңілгенін мойындамаған жоғары сыныптың үш оқушысы дүкен артында кіші сынып оқушыларын жинап, оларды аяусыз соққыға жыққанын хабарлағанбыз.
Зардап шеккен 2010 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Еңбек жолын Baribar.kz порталында бастаған. Түрлі басылымда қызмет еткен. 2025 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы қызметін атқарады.