«Алатау Жарық Компаниясы» мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары негізінен сағат 08:00 немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Тізімге қаланың ондаған көшесі мен бірнеше шағынауданы енген.
19 қазанда Абақан, Баянауыл, Жангелдин, Мусоргский, Натаров, Нүсіпбеков, Потанин, Сейфуллин, Әйтеке би, Гоголь, Исаев, Абай, Желтоқсан, Құрманғазы, Төле би және басқа да көшелердің жекелеген учаскелерінде жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ Шаңырақ-1, Қалқаман-2, Алғабас, Ақжар және Шұғыла шағынаудандары да бар.
20–23 қазан аралығында Рыcқұлов, Абай, Гагарин және Райымбек даңғылдарының, сондай-ақ Жандосов, Тұрғыт Өзал, Сәтбаев, Түркебаев, Брусиловский, Тілендиев, Шевченко, Мұқанов, Розыбакиев, Бөгенбай батыр, Абылай хан және басқа да көшелердің жекелеген учаскелерінде жөндеу жүргізілмек.
24 қазанда Райымбек даңғылының бір учаскесінде жұмыстар атқарылады.
Компания өкілдері бұл аталған көшелерде міндетті түрде жарық өшіріледі дегенді білдірмейтінін атап өтті. Электр қуаты тек ерекше жағдайларда, жөндеу кезінде тұтынушыларды басқа электр көзіне ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда қысқа уақытқа ажыратылады.
- Жоспарлы жұмыстар электр сапасын арттыру мақсатында жүргізіледі. Олардың қатарында ақауларды жою, сымдарға түскен бөгде заттарды тазарту, электр желілерінің жекелеген элементтерін ауыстыру және басқа да жөндеу жұмыстары бар, - делінген хабарламада.
Компанияның түсіндіруінше, бригадалар қажетті жұмыстарды, әдетте, 1,5–2 сағат ішінде орындайды. Дегенмен жарияланған кестеде кейбір учаскелер үшін жұмыстардың жалпы уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін немесе 09:00-ден 17:00-ге дейін деп көрсетілген.
Еске салсақ, Алматыда 12-16 қазан аралығында жарық уақытша өшірілетіні ескертілді.