Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
13:50, 02 Қыркүйек 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанның ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні, сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Координаттары: 40.782° с.е., 78.865° ш.б. Жерасты дүмпулерінің тереңдігі – 5 шақырым.
Энергетикалық класы – 12.3, магнитудасы – MPV 5.7.
Алматыда жер сілкінісінің қарқыны (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл болып сезілді.
Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанның шығысында болған алты балдық жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2800 адам түрлі жарақат алғанын хабарлаған едік.
Қытайдың оңтүстік-батысында 4,7 магнитудалы жер сілкінісі болды.