Алматыда 2 есірткі зертханасы мен ірі қойма жойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы мамырда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойманы жойды.
Есірткі заттарын дайындау кезінде ҚР 3 азаматы ұсталды. Оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.
ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Петропавлда аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталған астаналыққа байланысты тергеу басталды.