Алматыда 2 тұрғын ботулизмге шалдықты

Фото: ИЗВЕСТИЯ/Сергей Лантюхов

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ботулизм - орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен өтетін ботулизм бактерияларының токсиндермен улануы. Ауру ботулизм таяқшасымен және оның Clostridium botulini токсинімен ластанған тағамдарды тұтынғаннан кейін дамиды. Бұл туралы Kazinform тілшісіне Гауһар Қаткенова Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары айтты.

Маманың сөзінше, ауру қоздырғышы – анаэроб, яғни оттегі жоқ ортада жақсы дамиды. Оның токсиндері ең күшті табиғи у. Ботулизмнің қоздырғышы ластанған топырақта және көлдер мен теңіздердің лайларында өмір сүреді, сол жерден жануарлар мен балықтардың ағзасына еніп, оның ішектерінде өмір сүруге қолайлы жағдайларды табады.

«Алматы қаласында осы жылдың 1 жартыжылдығында ботулизмнің 2 жағдайы тіркелді, аброй болғанда, оның ішінде өлім-жітім жағдайы жоқ. Ауруға – консервіленген баялы салаты мен үйде дайындалған маринадталған қияр болды»,- деп түсіндірді дәрігер. 

Сонымен қатар, ол аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін екенін жеткізді. Көптеген жіті жұқпалы дертке қарағанда ботулизмде дене қызуы көтерілмейді.

«Ботулизмге күдікті науқастарды ауыр асқынулардың алдын алу үшін дереу ауруханаға жатқызу қажет. Ботулизм кезінде ауру белгілері тез дамып, тіпті аурудың алғашқы тәулігінде өліп кетуі мүмкін. Егер отбасы мүшелерінің бірі ауырып қалса, онымен бірдей тағаммен тамақтанғандардың бәрі профилактикалық сарысуды енгізу және 10 тәулік дәрігерлік бақылауды қажет етеді»,- деп түсіндірді Гауһар Қаткенова. 

Үй жағдайында ботулизмнің алдын алу үшін санитариялық дәрігер келесі ережелерді сақтауды ұсынады: 

- үйде дайындалған консервілерді қолдан, стихиялық базарларда, белгісіз сайттарда (онлайн дүкендерде) сатып алмаңыз. Үйде жасалған өнімдер қауіпті болуы мүмкін! 

- жемістер, жидектер мен саңырауқұлақтар жер бөлшектерінен жақсы жуылуы керек; 

- ұзақ уақыт бойы сақталған, бүлінген көкөністерді, жемістерді, жидектер мен саңырауқұлақтарды консервілеуге болмайды; 

- саңырауқұлақтарды сақтаудың ең жақсы әдісі-тұздау және кептіру; 

- үй жағдайында дайындалған консервілерді 3-6℃ температурада сақтау керек; 

- консервілерді жемес бұрын оларды 20-25 минут қайнатқан дұрыс (осы уақыт ішінде ботулизм токсині ыдырайды). Тағамды және кез келген консервілерді тұтыну алдында тамақ өнімдерін және кез келген консервілерді қайнату, қуыру-ботулизмнің, басқа ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алудың негізгі шарасы; 

- түрі ескірген және түбінде тұнбасы бар қампайған банкаларды тамаққа қолдануға болмайды.