Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны демалыссыз қалды. Олар туристік агенттікке сеніп, тур ақысын алдын ала төлеп қойған.
«Алданған азаматтар полицияға жүгінді. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 жастағы директорын ұстады. Алдаудың барлық эпизодтары бір іске біріктірілген. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12.
Осыған дейін Алматы полициясы күшейтілген режимге көшкені туралы жазған едік.
Айта кетейік, мегаполисте күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері құқықтық тәртіпті қадағалайды.