Велошеру қаланың орталық көшелері арқылы өтті.
— Қатысушылар сапарын «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастап, Әл-Фараби даңғылы, Саин, Рысқұлов даңғылдары, Шығыс айналма жолы, Төле би, Қонаев және Гоголь көшелерімен жүріп өтті. Велошеру 28 гвардия-панфиловшылар атындағы саябақта мәресіне жетті. Жалпы маршрут ұзындығы 40 шақырым болды, — делінген ақпаратта.
Іс-шара соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, Астанада тректегі велоспорттан халықаралық турнир өтеді.