Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №2/195-706 қаулысына сәйкес, «Шығыс қақпасы» полиорталығына шығатын жолды Бұқтырма көшесіне дейін ұйымдастыру үшін Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданында орналасқан 197 жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынады.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
«Қала Жер орталығы» заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етеді. Ал Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте жер телімдерінің иелеріне өтемақы төлейді. Учаскелер толық сатып алынған соң, Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының қарамағына беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы-3 теміржол вокзалының құрылысына 52 жер телімі алынатынын жазғанбыз.