Алматыда 2025 жылы қанша мектеп автобусы сатып алынады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Биыл Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады.
Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200 бірлікке дейін артты, бұл 15,3 мың оқушыны тасымалдауға мүмкіндік берді.
2025 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен автобустар саны тағы 100 бірлікке көбейтіліп, оқушыларды оқу орындарына қауіпсіз және ыңғайлы жеткізуге жол ашады.
— Бұған дейін автобустар шалғай және жетуі қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түскен өтінімдерге сәйкес маршруттарға шығатын. Бұл мектеп автобустарын бөлу кезіндегі басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленеді, — деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Былтыр мегаполисте 11,7 мың оқушы орнымен қамтамасыз еткен 18 білім беру нысаны салынды. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына дейін орын тапшылығы 3 - 4 мың орынға дейін қысқарады.
Еске салайық, 2023 жылы 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылған болатын.