Полицияның мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің ортақ балконынан құлаған 21 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері келген. Қайтыс болған азаматтың жеке басы анықталды.
— Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға алдында жас жігіт ауа райының ыстығына қарамастан сырт киіммен жүрген. Бұл жайт және басқа да мән-жайлар тергеу барысында тексеріледі, — делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның себептерін анықтап, марқұмның өмір салты, айналасы және іске қатысты өзге де мән-жайларды зерттеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жігітімен жанжалдасқан қыз тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткенін хабарлағанбыз.