Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұзушылық қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан белгілі болды.
Прокуратураның қолданған шаралары нәтижесінде міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды. 250 млн теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды.