Алматыда 29 жастағы әйел биіктен құлап мерт болды

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда биіктен құлаған әйел тіл тартпай кетті.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, 29 жастағы әйел Молдағұлава көшесіндегі ғимараттың 7-қабатынан секіріп кеткен. 

Алматы қаласының полиция департаменті ҚР Қылмыстық Кодексiнің 105-бабы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

— 29 жастағы әйелдің қаза болу фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы белгіленеді, — деп мәлімдеді департаменттен.

Еске салайық, кеше Алматыда үш жасар бала биіктен құлап кетті.