Алматыда 300-ден астам жүз жасаған қария тұрады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 қазан — Қарттар күніне орай Kazinform тілшісі Алматыдағы қариялар санын есептеп көрді. Алматы қарты ең көп өңір екені анықталды.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлттық статистика бюросының Kazinform тілшісіне берген жауабы бойынша 2026 жылы Алматыда 292 842 қария тұрады. Бұл қала халқының 12,5%-на тең. Әдеттегідей егде жастағы әйелдер саны көбірек, яғни мегаполистегі қарттардың 96 144-і аталар болса, 196 698-ы әжелер екен.

Жас ерекшелігі бойынша 80-89 жастағы тұрғындар саны 31 270 адамға жетті. Оның ішінде 8 817-сі — ерлер, 22 453-і — әйелдер.

Сондай-ақ 90-99 жастағы тұрғындар саны — 5 742 адам. Олардың 1 664-і ерлер болса, 4 078-і әйелдер.

Қазақстанда жалпы 953 адам 100 жастан асса, соның 304-і Алматыда тұрады. Олардың 227-і — әжелер, ал 77-сі — аталар. Бұл — Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Еске салайық, Астанада 110 мыңнан аса зейнеткерге ақша берілетіні хабарланды.