Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды

Фото: Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға бағытталған жұмыс жалғасып жатыр. 

2025 жылдың 5 сәуірі, яғни мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енгеннен бері Алматыда 1,5 мыңға жуық мотокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзуды анықтау шаралары «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

Жаңашылдыққа сәйкес, мопед жүргізушілерінен «А» санатындағы жүргізуші куәлігі, көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу, сақтандыру полисі мен мемлекеттік нөмір болуы тиіс.

— Осы талаптар енгізілгелі бері қалада 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 1,5 мыңға жуық мопед арнайы айыппұл тұрағына қойылған. Бұл көліктердің ішінде жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірсіз басқарылған, қауіпсіздік талаптарын елемегендер де бар. Бұзушылықтар патрульдік қызмет, стационарлық бекеттер және бейнебақылау жүйелері арқылы тіркеледі, — деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Айта кетейік, Алматыда жыл басынан бері мопедшілердің кесірінен 233 жол апаты болып, 243 адам зардап шекті