Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды
21:00, 25 Қыркүйек 2023
Алматыда төрт жасар баланы ұрып өлтірді деп күдікке ілінген жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жантүршігерлік оқиғаны қалалық полиция департаменті растады.
«Аталған дерек Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 2004 жылы туған Д. есімді күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Аталып өткендей, қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.