Алматыда 40-қа жуық талды сындырған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мегаполистің Үлкен Алматы өзенінің бойында, Төле би мен Райымбек даңғылдарының арасында 40-қа жуық талды сындырған күдікті ұсталды. Орман қорына кіретін және кесуге тыйым салынған көшеттердің зақымдалуына қатысты қызмет көрсетуші компанияның өкілі арыз берген.

Фото: Түркістан қалалық әкімдігі

– Қазіргі таңда ағаштардың зақымдалуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Арызданушының айтуынша, тексеру кезінде 36 дана көшет зақымданған. Атап айтқанда: каталпа – 15 дана, акация – 7 дана, қарағаш – 14 дана. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Ол бұзақылық мақсатында ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Іс сотқа жіберілетін болады, - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көлікті мас күйінде басқарған 1,5 мың адам жазаланғанын жазғанбыз.