Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан алаяқ ұсталды

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алматыда «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматыда 18 жастағы Л. есімді азамат билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамыла отырып, Instagram арқылы билет алуға өтініштерді қабылдаған. Сондай-ақ әлеуметтік желіде ауқымды жарнамаға SMM менеджерін жалдаған. 

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арыздары негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жас жігіт «50 cent»-тің концертіне жалған билеттерді сатқан. Алаяқтың басқа да болуы мүмкін құрбандарын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті