Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
10:42, 01 Қараша 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.
BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.
- Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған дейін Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірімнің жол апаты кезінде көз жұмғаны туралы жаздық.