Алматыда 68 қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

Фото: Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда марафон шарасына байланысты 20 сәуір күні мегаполисте бірқатар қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгереді.

Осыған байланысты таңғы сағат 06:00–ден 11:30–ға дейін 68 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады.

— Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен@AlmatyJoly Telegram-арнасындағы 1593 мына сілтемеге кіріп толық танысуға болады, — деп хабарлады әкімдіктен.

«Смелость быть первым» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon-ға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Марафон бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен 10 км және Экиден командалық эстафетасы.

Жарыс жолы Тұңғыш Президент саябағынан басталып, одан әрі әл-Фараби даңғылымен өтіп, Орталық стадионда аяқталады. 

Осыған дейін мегаполисте Almaty Marathon-ға орай бірқатар көшенің жабылатыны туралы жазған едік.