Алматыда 7 мамыр қалай тойланады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Отан қорғаушылар күні бірқатар іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарлама қаланың барлық ауданы мен ашық алаңдарда ұйымдастырылады. 

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі ұсынған мәліметке сәйкес, Отан қорғаушылар күні қарсаңында мегаполистің барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, оқырмандар мен эссе байқаулары өтеді.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында ұйымдастырылады:

- Әуезов ауданында 3 мамыр күні сағат 10:00-де Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептің базасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» мерекелік іс-шарасы өтіп, театрландырылған қойылым көрсетіледі. 

- Түрксіб ауданында 6 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында көркемөнер ұжымдары мен әскери бөлімдердің қатысуымен концерт өтеді.

- Наурызбай ауданында 6 мамыр күні Ақжар шағын ауданында Дәулеткерей көшесі 178, 2027 әскери бөлімінің аумағында сағат 10:00-де әскери қызметшілерді марапаттау және сарбаздардың ант қабылдау рәсімі болады.

- Бостандық ауданында 7 мамыр күні сағат 09:00-де Попов 1а мекенжайында «Ел ертені-бүгінгі жастары» атты салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерді марапатталып, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады.

- Алмалы ауданында 6 мамырда сағат 11:00-де №120 гимназияда «Жас сарбаз» (9-11 сыныптар арасында) әскери-спорттық ойындарының жарысы өтеді. 6 мамырда сағат 13:00-де №55 ЖББМ-де (7-9 сыныптар арасында) Сап және ән байқауы болады.

- Жетісу ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Райымбек даңғылы, 235 (Орталық зират) мекенжайындағы «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

- Алатау ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де аудан әкімдігі ғимаратының алдында «Ер есімі – Ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

Айта кетейік, Алматы қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 40-тан астам ардагер қалды. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 2 миллион теңгеден беріледі.